Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еркін күрестен еске алу турнирі өткізілді
06
май
2022

Еркін күрестен еске алу турнирі өткізілді

"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 3 - 4 мамыр күндері жетісулық ақын-палуан, ҚР білім беру ісінің үздігі, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Жұмабек Қуанышбайұлын еске алуға арналған еркін күрестен 2008-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир өткізілді. Ж.Қуанышбайұлы еңбек жолын спорт пен білім беру саласында Ақсу ауданынан бастап, кейінгі жылдары Талдықорған қаласындағы Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде оқытушы болып, жас ұрпақты спортқа, салауатты өмір салтын насихаттауға, Отаншылдыққа тәрбиелеу шараларына белсене араласты. Турнирдің шымылдығын Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, грек-рим күресінен Бежін Олимпиадасының күміс медаль иегері Нұрбақыт Теңізбаев өзі ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс өте жоғары денгейде өтті, алыс-жақын аймақтардан 250-ге жуық жас палуандар бақтарын сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Осы шараны ұйымдастыруда өзіндік үлестерін қосқан азаматтарымызға ерекше рақметімізді айтамыз. Спортты бірге дамытып, ұрпағымызға үлгі болайық!

Похожие публикации:

13 январь 2021 Рұстам Әлиұлы
09 январь 2021 Мектеп тарихы