04
июнь
2024
"Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы"
2024 жылдың 21 мамыр мен 04 маусым күндері аралығында мектебімізде 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған "Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы" атты декада өткізілді. Апталық аясында барлық сыныптарда тақырыпқа сай сынып сағаттары өткізілді. Күнделікті алғашқы сабақ алдында Мемлекеттік Гимн орындалды. 6 сынып оқушылары арасында «Ел рәміздері - ел рухы» атты зияткерлік ойын, 2 - 8 сыныптарда «Рәміздерім - мақтанышым» атты сурет салу эстафетасы мен 1-10 сыныптарда «Қасиетті көк байрағы елімнің!» - бейнеролик челленджі мен "Менің туым - менің мақтанышым" фото жариялау челленджі өткізілді. Мектеп кітапханасында орналасқан ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған бұрышқа танымдық саяхат ұйымдастырылды. Апталықтың басты мақсаты: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.




