Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мемлекеттік Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз»
29
ноябрь
2024

«Мемлекеттік Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз»

2024 жылдың 25 - 29 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау және дұрыс қолдану мақсатында «Мемлекеттік Рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» атты апталық өткізілді. Апталықтың жоспары жасалынып, бекітілді. Тарих пәнінің бірлестігі апталықтың салтанатты ашылуын ұйымдастырды. Апталық барысында 1-4 сыныптарда «Отаным мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары, 5-8 сыныптарда «Мемлекеттік Рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» тақырыбында танымдық сағаттары, 9 сыныптар арасында «Туым–намыс, ұраным–бірлік, рәміздерім–мақтанышым» - зияткерлік ойын және 10-11 сыныптарда «Әлемде көк Туым желбіреген» тақырыбында конференция өткізілді. Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне арналған бұрыш ұйымдастырылса, 3-7 сыныптар арасында «Мен Рәміздермен мақтанамын» атты сурет байқауы өткізілді. Сондай-ақ мектеп бойынша "Шырқалсын Қазақстан Гимні" ұранымен бірыңғай Мемлекеттік Гимн орындалды.