Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан облыстық ашық турнир өткізілді
25
март
2022

Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан облыстық ашық турнир өткізілді

2022 жылдың 23 наурыз күні Басши ауылында әріптесіміз Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан облыстық ашық турнир өткізілді. Турнирді ұйымдастырып отырған марқұмның артында қалған інілері мен туған-туыстары өте жоғары деңгейде өткізе білді. Аталмыш додаға 24 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде І орынға Жеменей (Алматы) командасы ие болды, ІІ орынға Басши-68 командасы, ІІІ орынға Жаркент командасы ие болса, 4 орынға Басши-1 командасы табан тіреді. Жеңімпаздардың барлығына Кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. І орын алған командаға 150 000 тг, ІІ орынға 100 000 тг, ІІІ орынға 50 000 тг және 4 орынға 25 000 тг табысталды. Әділғазы ағамызға құран бағышталып, көпшілікке ас берілді. Артында қалған туған-туысқандары мен бала-шағасына амандық тілейміз.