21
февраль
2020
«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» тақырыбында "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" ұранымен волейболдан жарыс өткізілді.
2020 жылдың 19 -20 ақпан күндері Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» тақырыбында "Біз жемқорлыққа қарсымыз!" ұранымен 8-10 сыныптар арасында волейболдан жарыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылар арасында достық қарым-қатынаспен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттарын насихаттау. Волейбол ойынына деген қызығушылықтарын ояту. Жарыстың 1-ші күні ару қыздарымыз өзара мықтыларын анықтады. Нәтижесінде 10а сыныптың қыздар командасы І орынға, 8 сыныптың қыздары ІІ орынға және 9ә сыныптың қыздары ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ осы жарыста 10а сынып оқушысы Балтабаева Айжан, 9ə сынып оқушысы Рахимбекова Диана жəне 8а сынып оқушысы Біржан Жібек үздік ойыншылар қатарынан көріне білді. Жарыстың 2-ші күні ұлдарымыз сынға түсті. Осы қызыққа толы тартыста І орынды 9ә сыныптың ұлдар командасы жеңіп алса, ІІ орынға 9б сынып ұлдары және ІІІ орынға 10а сынып ұлдары ие болды. Сондай-ақ осы жарыста 10ә сынып оқушысы Ахметов Малик "Үздік ойыншы", 9ə сынып оқушысы Сүттібаев Алинұр "Керемет ойыншы" жəне 9б сынып оқушысы Марат Али "Үздік шабуылшы" номинацияларына ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.