Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2024

«Оқу марафоны»

2024 жылдың 15 мамыр күні мектебімізде кітапхана меңгерушісі М.Ботаева мен «Жас Ұлан» БЖ ұйымы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6-сыныптар арасында «Оқу марафоны» атты мектепішілік жылдам оқу байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал - мәтелдерді жаттай білуге, оны күнделікті ауызекі сөйлеу тілдеріне қолдана білуге баулу. Оқушыларды туған елін, жерін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу. Байқау қорытындысы бойынша І орынға 6ғ сынып оқушылары Берікұлы Есен мен Саматқызы Сезім, ІІ орынға 6б сынып оқушылары Серікбек Али мен Айдынұлы Шапағат, ІІІ орынға 6в сынып оқушысы Тұрсынханов Нұрдәулет, 6г сынып оқушылары Нәбиәлі Ажар мен Мұрат Айбар ие болды. Сондай-ақ "Арнайы жүлдемен" 6ә сынып оқушылары Бұхарбай Аружан мен Ілияс Жаннұр және 6ғ сынып оқушысы Күмісбек Арайлым ие болды. Құттықтаймыз! Шығар белестерін көп болсын!