10
февраль
2018
"Ғасыр ақын - Мүқағали"
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған бастауыш сынып оқушылары арасында "Ғасыр ақын - Мүқағали" атты мектепішілік Мұқағали оқулары өтті. Осы мәнерлеп оқу сайысында мұзбалақ ақынның өлеңдері жатқа айтылып, қатысушылар поэзияға деген құштарлықтарын ерекше көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдеге 4а сынып оқушысы Теміржан Аружан, І орынға 4ә сынып оқушылары Мұрат Аяулым мен Данабай Айжан, ІІ орынға 2а Зейнелхан Аружан мен 2в Ринатқызы Аруай, ал ІІІ орынға 2б сынып оқушысы Серікбек Али мен 3ә сынып оқушысы Әбілқайырқызы Кәусәр ие болды. Құттықтаймыз!