Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас мұғалімдер мектебінің» кезекті отырысы өткізілді
21
январь
2022

«Жас мұғалімдер мектебінің» кезекті отырысы өткізілді

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2022 жылдың 19 - қаңтарда «Жас мұғалімдер мектебінің» кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша мектеп психологтары Дана Көкежанова мен Балауса Ерғожа «Мен ғажайыппын» тақырыбында интеллектуалды ойын-жаттығуларынан құралған тренинг өткізді.
Бұдан соң отырысқа шақырылған педагог-зерттеушілер Анар Садуакасова, Қ.Мықтыбаева, Л.Теміржанова, А.Лаубаевалар жас мамандардың өтініштері бойынша дайындаған тақырыптарымен шебер -сынып өткізді.
Ұсынылған тақырыптар
1. «Жаңартылған білім беру кезеңіндегі жаңашыл ұстаз»
2. «Дарынды оқушыларды білім сайыстарына дайындаудың тиімді жолдары»
3. «Сабақта кері байланысты ұйымдастыру»
4. «Жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыруға арналған нұсқаулықтар»
Жас мамандар шебер-сыныпқа белсене қатысып, өз ой-қиялдарының жүйрік, шығармашылықтарының шыңдалып келе жатқанын көрсетті. Олар шебер-сыныпта үйренгендерін күнделікті қызметтерінде пайдаланатын болады.