Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
апрель
2018

Кезекті әдістемелік күні өтті

Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні мектебімізде кезекті әдістемелік күні өтті. Ұйымдастыру бөлімінде мектебіміздің психологы Талшын Нұрғалиева мектеп ұжымына психологиялық тренинг жүргізді. Негізгі бөлімде бастауыш сынып мұғалімдері Әсем Әбуғалиева мен Раушан Орынбекова "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмыстарының жүргізілуі" тақырыбында шебер сынып өткізді. Ал орыс тілі пәнінің мұғалімі, мектебіміздің тренері Светлана Дәуренбекова сыныптарда жүргізілген "Lesson Study"- зерттеу сабақтарын өткізуде өз білімімен және тәжірибесімен бөлісті. Осы әдістемелік отырыс соңында рефлексия жасалып, ұстаздар өзара пікір алмасты. Мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қорытындылап, "әр ұстаздың ертеңгі сабағы бүгінгі сабақтан гөрі қызықты әрі жемісті болуы керек, осы қағида даму мен ілгерлеудің формуласы" деп, түйіндеді.
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті
Кезекті әдістемелік күні өтті