26
январь
2021
Кезекті әдістемелік вебинар өткізілді
2021 жылдың 25 қаңтар күні мектебімізде директордың ғылыми-әдістемелік орынбасары Б.С.Қауметованың модераторлық етуімен әдістемелік вебинар өткізілді. Вебинарға барлығы 94 педагог қызметкерлер қатысты. Вебинарда бастауыш сынып мұғалімдері С.Ж.Рамазанова мен С.А.Ақбаева "Қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланысты ұйымдастыруда қолданылатын веб -ресурстар" тақырыбында шебер сынып; 10а,ә сынып жетекшілері А.Ж.Каранеева мен Ж.С.Сағатова "Қашықтықтан оқыту жағдайында "ата-ана - мұғалім - оқушы" үштігінің ынтымақтастығы" тақырыбында өз тәжірибелерімен бөліссе; орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.С.Дүйсекенова мен Қ.С.Мықтыбаева "Білім алушыларды орыс тілі сабақтарында сөйлеу тәсілін жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер" тақырыптарында шебер сынып өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинар соңында тыңдалған мәселелер бойынша шешімі қабылданып, кері байланыс жасалды.
Вебинар соңында тыңдалған мәселелер бойынша шешімі қабылданып, кері байланыс жасалды.