01
декабрь
2021
«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы»
2021 жылдың 24 - 30 қараша күндері мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты апталығы өткізілді. Кітапханада және дәлізде «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда «Менің Тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары, 5-7 сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» топтық сайыстар, 8-9 сыныптар арасында «Елбасы және Тәуелсіздік» дөңгелек үстел, 10 сыныптарда «Елбасы жолы» атты конференция өткізілді. Сондай-ақ 11 сынып оқушылары «Бір ел, бір тағдыр» тақырыбында эссе жазды.






