Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
03
ноябрь
2021

Кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді

2021 жылдың 02 қараша күні Зуум платформасында кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталмыш вебинарда келесі мәселелер қаралды: "Балалар зиянды заттар әлемінде" - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев; "Жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық кеңес беру", "Жасөспірімдер суицидінің алдын алу және болдырмау шаралары" - мектеп психологы Б.М.Ерғожа. Шара барысында жасөспірімдер мен жастар арасында белең алып тұраған зиянды заттарды тұтыну, электронды темекі, шылым, насыбай, алкогольдің адам ағзасына келтіретін зияны, оларға қатысты жаза түрлері туралы айтылды. Жас балалардың энергетикалық сусындарға әуестігі мен тәуелділігі және денсаулыққа тигізетін кері әсері жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мектеп психологы тарапынан кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдер суицидінің алдын алу мен қорғану шаралары туралы түсіндірілді. Ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді.