18
май
2021
«Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік – қоғам қасіреті»
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні аясында 2021 жылдың 17 мамыр күні Зуум платформасында кезекті жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталмыш вебинарда келесі мәселелер қаралды: 1. «Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік – қоғам қасіреті» - мектеп инспекторы Г.Сәкенова; 2. «Ата-ана үлгісі бала тәрбиесінің нәтижелігінің кепілі» - мектеп психологы Д.Көкежанова; 3. "Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету" - директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев. Шара барысында мектеп инспекторы тарапынан жасөспірімдер арасындағы қатыгездік туралы, соның ішінде Татарстан астанасы Қазандағы мектептердің бірінде болған қанды оқиға жайында сөз қозғалды. Ата-аналардың үйінде аңшылық қару немесе басқа да жеке меншік қару түрлері болса бөгде адамдардың (балалардың) оған қол жеткізуіне жол берілмеуі керектігі айтылды. Зиянды заттар, ғаламтордағы қауіпті сайттар жайында ақпарат беріліп, сақтану жолдары түсіндірілді. Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға психологиялық кеңестер берілсе, мектептің тәрбие бөлімі тарапынан ата-аналарға "Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" жаднамасы таныстырылды.


