15
январь
2020
Кезекті мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
2020 жылдың 14 қаңтар күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа «Шанс» жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығының қызметкерлері мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» қызметекерлері қатысып, қоғамда белең алып тұрған мәселелер туралы сөз қозғады. Түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Шанс» жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталығының заңгері сөз алып, осы аталмыш орталық жасөспірімдердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға бағытталған бірқатар қанатқақты жобаларды іске асырудың нәтижесінде ашылды. Мекеме зорлық-зомбылық көрген отбасы балаларына, заңға қарсы жүретін соңдай-ақ, өмірдің киын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, тұрмыстық, еңбек және педагогикалық қолдау көрсетеді. Бұл орталықта теолог, психолог, заңгер және педагог мамандары қызмет жасайды.
Келесі мәселе бойынша «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Игенбаев Айдос Назкенұлы сөз алып, «Қауіпті интернет немесе тұзаққа түспеу жолдары» тақырыбында ата-аналар қауымымен жат ағымның арбауына түсіп кетпеудің, интернет кеңістігінде деструктивті идеологияны насихаттаушы топтардың, аккаунттар мен парақшалардың жұмыстары, алдап-арбау тәсілдері, сондай-ақ тиым салынған әрі қолдануға болмайтын сайттар мен уағызшылар жайлы түсінік берді. Кездесу барысында сауалнамалар толтырылып, көкейкесті сұрақтарға жауаптар берілді. Жат идеология кең құлаш жаймауы үшін бірлесе жұмыс атқарып, ата-аналардың балаларына баса назар аудару әрі күнделікті қадағалап отыру керектігі айтылды.
Сонымен қатар мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Гүлзира Сәкенова "Жасөпірімдер арасындағы құқыбұзушылық" тақырыбында, мектеп психологы А.Нұғыманова «Адам өміріне қатер төндіретін іс – әрекеттер» тақырыбында сөз қозғады, ақыл-кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік ата-аналар комитетінің төраймы Ә.Орынбаева ата-аналардан мектеппен тығыз қарым-қатынаста болу керектігі қазіргі таңда өте маңызды екенін айтып кетті. Сондай-ақ ата-аналармен психологиялық тренинг-ойындар жүргізілді.