19
ноябрь
2020
"Әрбір бала үшін" ұранымен онлайн форматта жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді
2020 жылдың 12 қараша күні «Бала құқығы – адам құқығы» атты іс-шаралар аясында "Әрбір бала үшін" ұранымен онлайн форматта жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде үш мәселе қарастырылды: 1. І тоқсандағы тәрбие жұмысы; 2. "Отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездік"; 3. "Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез құлық және оның алдын алу шаралары". Жиналыс барысында 1 тоқсандағы тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар жайында видео ролик көрсетілді. Отбасындағы қатыгездіктің нәтижесінде отбасыларының шаңырағы бұзылып, балалар зардап шегетіні туралы, зорлық-зомбылық кей жағдайларда ауыр қылмыстардың орын алуына алып келетіні жайында сөз қозғалды. Сондай-ақ балалардың мінез құлықтарында ауытқушылық пайда болып, суицидтік әрекетке бару мүмкіндігі жайында түсіндіріліп, ақыл-кеңестер берілді. Шара соңында ата-аналар өз алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.