02
сентябрь
2020
1 қыркүйек - Білім күні
2020 жылдың 1 қыркүйек күні 30 жыл тарихы бар қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп лицейінің 1172 шәкіртіне алғашқы қоңырау соғылды. «Ат тұяғын тай басады» дегендей, өткен оқу жылы мектепті аяқтаған 41 түлектің орнына биылғы оқу жылы 154 бүлдіршін 1 сыныпқа қабылданды. Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты алғашқы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтіп, әрмен қарай сынып сағаттарымен ұласып жатты. 1-4 сыныптарда Еліміздің негізгі Заңы- Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 25 жылдығына арналға"Конституция - біздің болашағымыз" тақырыптарында сынып сағаттары, 5-8 сыныптарда "Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи" тақырыбында адалдық сағаттары және 9-11 сыныптарда "Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Ал мектеп бойынша 1 сыныптардан топтастырылып отырған "кезекші сыныптарға" дәстүрлі түрде сабақтар жүргізілді.
"Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді!" - ҚР Ғылым және білім министрі А.Аймағамбетов