Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезекті жалпыреспубликалық ата-аналар жиналыстары өткізілді
23
май
2021

Кезекті жалпыреспубликалық ата-аналар жиналыстары өткізілді

2021 жылдың 22 мамыр күні еліміздің түпкір-түпкірінде жалпыреспубликалық ата-аналар жиналыстары өткізілді. Осы орайда мектебімізде әр сынып жетекшінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналыстары өткізілді. Талдықорған қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиналыстар онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталмыш жиналыс екі бөлімнен құралды: 1 бөлім - 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, жазғы мектепті ұйымдастыру және балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру. 2 бөлім – вебинарға сол сыныпқа беретін пән мұғалімдері қосылып, өз пәндері бойынша оқушыларының үлгерімі жайында сөз қозғады. Шара соңында ата-аналар өз ризашылықтарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы мектеп бойынша 48 сыныпта өткізілді. Ата-аналардың қамтылуы 99% құрады.