21
ноябрь
2020
«Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік ойын
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға, құрметтеуге, оқып, үйренуге бағытталған іс-шаралар аясында 8 сынып оқушылары арасында «Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты зияткерлік ойын өткізілді. Тәуелсіз елдің ұлттық нышандары -Ата Заң, Ту, Әнұран, Елтаңбаның символикалық белгілерін тарихы жайлы мағлұматтар беріліп, зияткерлік сұрақтар қойылды. Балалар өзара білімдерін сынап, өз көзқарастарын білдірді. Оқушылар Мемлекеттік рәміздер ел тарихының, азаматтарының сана-сезімінің көрінісі болып табылатыны деген ойға келді.