11
март
2020
"Кәсібің - нәсібің" атты мамандармен кездесу кеші өткізілді
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, білім алушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында 2020 жылдың 11 наурыз күні мектебіміздің эстетика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына "Кәсібің - нәсібің" атты мамандармен кездесу кеші өткізілді. Осы кешке өз істерінің нағыз мамандары, Педагогика ғылымдарының кондидаты, доцент, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР "Ақын Сара" сыйлығының жүлдегері, Республикалық "Этнокөркеммәдениет" журналының бас редакторы Адамқұлов Нұрлан Меркебайұлы мен кәсіпкер-тігінші, қолөнер байқауларының жүлдегері Тасубаева Қарлығаш Қатайқызы арнайы шақырылды. Шара барысында өнерлі оқушыларымыз ән мен биден шашу шашып, шебер оқушыларымыз қолөнерлерін ұсынды. Ал қонақтарымыз өз мамандықтары жайлы сөз алып, кәсіптерінің қыр-сырымен бөлісті. Оқушыларымыз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Шараның басты мақсаты: Оқушыларға алдағы уақытта заман талабыга сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру, әр мамандықтың қызығы мен мен қиындылығы болатының жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.