Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2019

«Өнердегі ұрпақтар үндестігі» атты кездесу кеші

2019 жылдың 21 қараша күні мектебімізде ән әлемінде өзіндік орындары бар, Жетісу өлкесінен шыққан композиторлар, әкелі-балалы Өмірсерік Арапов пен Данияр Араповтардың шығармашылығына арналған «Өнердегі ұрпақтар үндестігі» атты кездесу кеші өткізілді. Аталмыш музыкалық кеште жетісулық ақын Жұмабек Қуанышбайұлының сөзіне жазылған Өмірсерік Араповтың "Тәуелсіздік - жыр әнім", "О, Ана жылда келер жыл құсыңмың" әндері, жергілікті ақын Марлен Қазбаланың сөзіне жазылған Данияр Араповтың "Сен жаным" әнің мектебіміздің өнерлі оқушылары жоғары деңгейде орындап шықты. Кеш барысында қонақтарымыздың өмірбаяны мен еңбек жолдары туралы бейнетаспа көрсетілді, жас көрермендер қатарынан сұрақтар қойылып, сазгер ағаларын жан-жақты тануға мүмкіндік алды. Шара соныңда Өмірсерік Араповтың «Туған жерге сағыныш» әнің караоке форматында барлығы бірге әуелете шырқады. Осы кешті жүргізген 9 сынып оқушылары, бірнеше білімгерлер сайысы мен әдеби оқулардың жүлдегерлері Рахимбекова Диана мен Оралбекұлы Оралжанға, әсем әндерді нақышына келтіріп орындағандар 9 сынып оқушылары, Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы Меңіс Жұлдызға, Республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Тоқтарбекқызы Ақеркеге, 10 сынып оқушысы Асқарбеков Миразға және 6а кадет сыныбына мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.