Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Жастығын жалын шарпыған" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
16
февраль
2018

"Жастығын жалын шарпыған" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 14 ақпан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, "Тәрбие және білім" ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде АӘД пәнінің мұғалімі Б.Бөкенбаевтың ұйымдастыруымен "Жастығын жалын шарпыған" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Кездесу кешімізге Айнегов Марат Сейтайұлы, Тесебаев Қанат Досбайұлы және Омаров Амангелді Жұмаханұлы қатысты. Шара барысында өнерлі оқушыларымыз патриоттық әндер шырқап, сахналық көрініс қойды. Батыр ағаларымыз өскелен ұрпаққа өз ақыл-кеңестерін беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларға алғыстарын білдірді.
"Жастығын жалын шарпыған" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
"Жастығын жалын шарпыған" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
"Жастығын жалын шарпыған" атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу