Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз"
26
июнь
2018

"Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз"

12маусым – "Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы” күрес күні. Осы­ған орай Алматы облыстық әкімдігі мен облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз" ұранымен іс-шара жоспары құрылды. Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Науқанның жаз айында өткізілуінің бірден-бір себебі – бұл кезең балалар мен жасөспірімдердің жұмысқа көптеп орналасатын уақыты. Науқан аясында "Мен өмірді тандаймын" атты қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психолог мамандарына семинар өткізілді. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Мен және қоршаған әлем" атты фото-байқаудың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер марапатталды. Сонымен қатар "Түнгі қаладағы балалар”, "Көше” атты рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Аталмыш рейдті Талдықорған қалалық білім бөлімінің қызметкері Үсенова Гульзина Есенқызы, қалалық Ішкі Істер бөлімі, Ювеналдық полиция қызметкерлері және мектеп әкімшлігі мен мұғалімдері жүргізді. Рейд барысында мектеп оқушылары және кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.
"Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз" "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз"