11
май
2018
«Зайырлылық және дінтану негіздері»
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінен 03.05.2018 күнгі №89-14/663 хатын негізге ала отырып, «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік сапасын жақсарту мен білім беру орындарында білім алушылардың орамал тағуға және хиджап киюге тыйым салынатындығы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 10 мамыр күні мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Г.Қ.Нұрахметова 8-11 сынып оқушыларына бейне материалдар көрсетілімін ұйымдастыру арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы аталмыш шарада оқушыларға мектеп қабырғасында орамал тағуға, хиджап, паранджа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді. Осы орайда орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға мектеп формасы міндеттелгені туралы және қойылатын талаптары туралы түсіндірілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы) . Сонымен қатар жат діни бірлестіктерге қарасты ашылатын жазғы лагерлердің адам санасына тигізер кері әсері жайлы, адам психологиясын тәуелділікке әкеліп соқтыратыны туралы және одан аулақ болуға ақыл-кеңестер берілді.