17
январь
2018
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу міндетіміз
Үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында мектебімізде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында қалалық ІІБ полиция қызметкерлері С.Караулов, А.Айтмұханбет, Б.Жанысбеков, Ұ.Утегеновпен кездесу өткізілді. Кездесуге 8-11 сынып оқушылары қатысты. Аталмыш шарада «Түрмедегі балалар өмірі» атты бейнефильм көрсетілді. Ол бейне баянда кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қандай да бір қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан, темір тордың ар жағындағы өмірлерінен фильм көрсетілді. Шара соңында балалар келген қонақтарға сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алып отырды.