Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2025

«Жетісудың спорт саңлақтары»

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде 2025 жылдың 13 наурыз күні Талдықорған қаласындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Жетісудың спорт саңлақтары» атты елімізге танымал спортшылармен кездесу өткізілді. Кездесуге Жетісу өңірінен шыққан, бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Азия чемпионатының жүлдегері Тұрсынбек Анар мен Әлем чемпионы Зейноллаева Аружан келіп, құрметті қонағы болды. Сондай-ақ әртүрлі спорт түрлерінен облысымыздың, еліміздің намысын қорғап жүрген, мектебіміздің мақтаныштары қатысты. Шара барысында барлық қатысушылар жақсы әсер алып, келген қонақтар мектеп ұжымына және жас спортшыларға жетістіктер тілеп, өз алғыстарын білдірді.
Шараның басты мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру және өскелен ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу.