Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2023

«Жетісудың спорт саңлақтары»

Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде, "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы аясында 2023 жылдың 08 желтоқсан күні Талдықорған қаласындағы №18 орта мектеп-лцейінде «Жетісудың спорт саңлақтары» атты елімізге танымал спортшылармен кездесу өткізілді. Шараның басты мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасын білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру және өскелен ұрпақтың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматтарына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу. Кездесуге Жетісу өңірінен шыққан, Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, дзюдо мен самбодан Әлем және Азия чемпионы Сейітақын Дауытов, армрестлинг пен гір көтеру спортынан Әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы, рекордтар кітабына енген Абдуали Тастанов және де әртүрлі спорт түрлерінен облысымыздың, еліміздің намысын қорғап жүрген, мектебіміздің мақтаныштары қатысты. Шара барысында барлық қатысушылар жақсы әсер алып, келген қонақтар мектеп ұжымына және жас спортшыларға өз алғыстарын білдірді.