Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік жастарын жігерлендірген - Жақсылық"
05
май
2021

"Тәуелсіздік жастарын жігерлендірген - Жақсылық"

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың туған күніне арналған дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушыларымен "Тәуелсіздік жастарын жігерлендірген - Жақсылық" атты спорттық-тәлімдік сағаттары өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Ж.Үшкемпіровтың спорттағы жетістіктері мен еңбек жолы туралы толық мағлұмат беру арқылы өскелен ұрпақты салауатты өмір салтына дәріптеу, ұлтымыздың мәртебелі мақтанышына айналған азаматына қарап бой түзеуіне ұйытқы болу.
Жақсылық Үшкемпіров - 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Тегістік /Дихан/ аулында дүниеге келген. Жақсылық ағамыз грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы «Жақсылық» көркем фильмі жарық көрді.