18
март
2024
"Функционалдық сауаттылықты арттыру – жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі"
2024 жыл наурыз айының 15-інде мектебімізде Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру және жас мамандардың біліктілігін арттырып, әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Функционалдық сауаттылықты арттыру – жаңаша педагогикалық теория мен практиканың өзекті мәселесі" тақырыбында жас мамандар арасында қалалық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Аталмыш семинарға Талдықорған қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Мұратханқызы қатысып, өзінің оң бағасын беріп кетті. Семинар барысында мектебіміздің жас мамандары химия пәнінің мұғалімі А. Берикова, информатика пәнінің мұғалімі А.Курманбаева, бастауыш сынып мұғалімі Г. Мухаметкажиева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Капанова ашық сабақтар беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Қаламыздағы №5, №29 мектептерден келген жас мамандар "Функционалдық оқу сауаттылықты арттыруға арналған әдіс-тәсілдер" секілді тақырыптарда шебер сыныптар өткізді. Ашық сабақ және шебер сынып көрсеткен мұғалімдер қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.








