22
октябрь
2021
«Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды
«Тәлімгерлік тәжірибеде» жобасы аясында Талдықорған қаласының орта мектептерінің жас мамандары үшін «Педагогтердің IT құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында тәжірибе алаңы ұйымдастырылды. Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің білікті ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда:
1. «Күнделік kz» мүмкіндіктері. Тілеубек Серікбол Тілеубекұлы, информатика пәнінің мұғалімі, информатика магистрі.
2. «Онлайн мектеп» платформасының тиімділігі. Курманбаева Айдана Саятқызы, информатика пәнінің мұғалімі, IT маманы.
3. «Геймификациялық платформалар оқу процессінің тиімділігін арттыру әдісі ретінде». Батышева Бақытгүл Темурханқызы, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, педагог- сарапшы. Лаубаева Айнур Искаковна, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы, мектеп тренері. Шараны өз деңгейінде үйлестіре білген информатика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қалиева Әсия Әкімжанқызы.
Вебинардың басты мақсаты: Жас мамандардың IT құзыреттіліктерін дамытудағы тиімді бағдарламалармен таныстыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу, пікір алмасу.