20
ноябрь
2023
«Мемлекеттік Рәміздер - Ұлт мақтанышы, Тәуелсіздік нышаны»
Біртұтас тәрбие жоспарына сай 2023 жылдың 13 - 17 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін насихаттау және дұрыс қолдану мақсатында «Мемлекеттік Рәміздер - Ұлт мақтанышы, Тәуелсіздік нышаны» атты апталық өткізілді. Апталықтың жоспары жасалынып, бекітілді. Апталық барысында 1-4 сыныптарда осы тақырыпта сынып сағаттары, 5-6 сыныптарда «Ұлттық теңге - Тәуелсіз Қазақстанның айшығы» тақырыбында танымдық сағаттары, 7-8 сыныптарда "Мемлекеттік Рәміздер - ел мәртебесі" тәлім сағаттары, 9 сыныптар арасында «Рәміздер туралы не білеміз?» - зияткерлік ойын және 10-11 сыныптарда «Рәміздер - ел беделі» тақырыбында ЭССЕ жазылды. Сонымен қатар ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне арналған бұрыш ұйымдастырылса, барлық сыныптар арасында «Мен Рәміздермен мақтанамын» атты бейне ролик челленджі жүргізілді. Сондай-ақ мектеп бойынша "Шырқалсын Қазақстан Гимні" ұранымен бірыңғай Мемлекеттік Гимн орындалды.














