Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің «Ғаламат» тобы топ жарды!
12
октябрь
2023

Мектебіміздің «Ғаламат» тобы топ жарды!

12 қазан күні «Адамгершілік, әділеттік, парасаттылық туралы мақал- мәтелдер» сайысы өтті.
ІІІ-кезеңнен құралған сайыстың
І-кезең «1001 мақал»,
ІІ - кезең «Ойлан тап»
ІІІ-кезең «Эссе» қорғау үй тапсырмасы қамтылды.
Шараға №18 және №21 қала мектептерінен 6 сыныптар арасында 3 оқушыдан тұратын 2 топ қатысты.
І-кезең бойынша топтар арасында бір – біріне адамгершілік, әділеттік, парасаттылық жайлы мақал- мәтелдер жасырылды, ал «Ойлан тап» ІІ- кезеңі бойынша қатысушыларға әр түрлі тақырыптарға сай жұмбақтар жасырылып, оқушылардың ой өрісінің дамуы жан жақты бағаланды. ІІІ-кезең бойынша алдын ала берілген үй тапсырмасы «Эссе» жазып келіп, жазған эсселерін өз ой пікірлерімен нақты әрі еркін түрде жеткізіп, қорғады.
Топтар арасынан оза шауып алдыға шыққан Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларынан құралған «Ғаламат» тобы дипломмен марапатталды. Топ құрамында: Тәкен Санат 6"В", Нурахунова Нуржами 6"Б", Жанатбекқызы Шакизат 6"А" сынып оқушылары қатысты. Жетекшілері: Ботаева М., Абылкасова М., Базарбекова А., Сванкулова А. Құттықтаймыз!!! ​https://www.instagram.com/p/CyTeYjVIO_M/?hl=ru&img_index=1​​​