05
март
2018
"Өсер елге - өнерлі ұрпақ" атты өнерпаздар додасы
Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні мектебімізде эстетика пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-9 сынып оқушылары арасында "Өсер елге - өнерлі ұрпақ" атты өнерпаздар додасы өтті. Байқау 4 кезең бойынша бағаланды: І кезең "Таныстыру", ІІ - "Әуенді суретпен бейнеле", ІІІ - "Сәндік киім үлгісі" және ІҮ кезең "Үй тапсырмасы", яғни өздері жасаған қолөнер бұйымын көпшілікке таныстыру. Нәтижесінде І орынға 7а сынып оқушылары, ІІ орынға 8ә мен 7ә сынып оқушылары және ІІІ орынға 8б мен 7б сынып оқушылары ие болды. Құттықтаймыз!!!