Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Jas DARYNDAR»атты зияткерлік ойын сайысында жеңімпаз атандық!
11
апрель
2023

«Jas DARYNDAR»атты зияткерлік ойын сайысында жеңімпаз атандық!

«Jas DARYNDAR»атты зияткерлік ойын сайысында мектебіміздің 7ғ сынып оқушылары 1-ші орынға ие болды. Олар: Игілікқызы Аяжан, Құралхан Айғаным және Маралбек Әдемі. Жетекшісі Бейсенбай Гүлдана. Құттықтаймыз!  https://www.instagram.com/p/Cquwrmwrr5g/?hl=ru
Толығырақ: Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында өткен сайысқа қаламыздың мектептерінен 7 сыныптар арасында №25, №17, №10 және №18 орта мектетептерден 3 оқушыдан құралатын 4 топ қатысты.
Сайысқа әділ бағасын беріп төрелік етуге К.Ушинский атындағы №7 ОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бекежанова А.Т, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың кітапханашысы Иманбаева А. қазылық етті.
Сайыс ІІІ кезең бойынша өтті
І кезең «1001 мақал-101 жұмбақ»
ІІ кезең «Биылғы мерейтой иелерінің өмірбаяны мен шығармаларынан»сұрақтар қойылды.
ІІІ кезең бойынша логикалық сұрақтар қойылды.
Топтар арасынан оза шауып алдыға шыққан Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп - лицейінің 7 «ғ» сынып оқушылары «Jas DARYNDAR» атанып дипломмен марапатталды, қалған топтар және жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.