Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Тарих – ғасырлар куәсі” атты байқау өтті
20
апрель
2023

“Тарих – ғасырлар куәсі” атты байқау өтті

Кітап оқуды дамыту және ел тарихын насихаттау мақсатында “Тарих – ғасырлар куәсі” атты байқау өтті.
⚜️Байқау 3 кезеңнен тұрады.
I кезең: тарихи оқиға
II кезең: кім жылдам
III кезең: тарихи тұлға кезеңі.
⚜️Байқауға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, дәріскер, тарих ғылымдарының кандидаты Сантаева Күлімкөз Теңізбайқызы, Білім колледжінің тарихшысы Жүнісов Мәжікен Адамұлы, агро-техникалық колледжінің тарихшысы Тойлыбаева Ғалия Несіпбайқызы және журналист, Жетісу газетінің тілшісі Қажет Андас қазылық етті.
⚜️Байқауға мектептердің 7-10 сынып оқитын 11 оқушы қатысып бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бас жүлдені Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ырысмұхамед Өрен жеңіп алды, жетекшісі М.Д.Ботаева, «Тарихи оқиға» номинациясының үздігі №13 орта мектептің оқушысы Чармұхамбет Нұрсұлу Даниярқызы, «Кім жылдам» номинациясының үздігі №4 орта мектеп оқушысы Ерғали Ұлас, «Тарихи тұлға» номинациясының үздігі №17 орта мектеп оқушысы Абдуғали Аружан Берікқызы марапатталды.
⚜️Байқауға қатысқан барлық үміткерлер мен жетекшілеріне алғыс хаттар мен арнайы марапаттар берілді. ​https://www.instagram.com/p/CrQ5Wy3uIP6/​​​