Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
октябрь
2022

"Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы"

2022 жылдың 10 - 14 қазан аралығында мектебімізде "Табиғат - өмір бесігі, тәрбие бастауы" тақырыбында экологиялық тәлім сағаттары апталығы өткізілді. Апталық аясында 1-4 сыныптарда "Құстар біздің досымыз", "Табиғаттағы жануарлар әлемін қорғайық" тақырыптарында тәрбие сағаттары, 4 сыныптарда "Менің сүйікті үй жануарым" сурет салу эстафетасы, 5 сыныптар арасында "Табиғатты аялайық" тақырыбында плакат салу байқауы, 6 сыныптарда "Қалдық заттарға екінші өмір сыйла" бұйым жасау көрмесі, 7 сыныптарда "Құстар ұясын жасау" байқауы және 8-9 сыныптарда "Autumn fest" алтын күз байқауы өткізілсе, 10-11 сыныптар арасында «Қазақстанның экологиялық проблемасы» тақырыбында эссе жазу ұйымдастырылды. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі ретінде дұрыс экологиялық дүниетанымды қалыптастыру. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты, сондай-ақ адам сияқты өмір сүруге құқығы бар әрбір тірі жанға қамқорлық жасауға үйрету. Оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ескере отырып, мектепте экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің интеграцияланған жүйесін қалыптастыру.