30
апрель
2021
«Біз болашаққа жауаптымыз» ұранымен экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы өткізілді
2021 жылдың 26-30 сәуір күндері аралығында елімізде «Біз болашаққа жауаптымыз» ұранымен экологиялық білім берудің жалпыреспубликалық апталығы өткізілді. Мектеп бойынша жоспар құрылып, келесі іс-шаралар жүргізілді.
Мектеп кітапханасы тарапынан «Табиғат туралы не білеміз?», «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында библиографиялық шолу ұйымдастырылды. 1-2 сыныптар арасында «Біздің үйдің жануарлары» - сурет салу эстафетасы, 3-4 сыныптар арасында «Біздің аймақтың табиғатына қамқорлық», «Бұл әлем қандай әдемі!» фото түсіріп жіберу эстафетасы жүргізілді. 5 сыныптар арасында «Табиғат аясындағы Мен!» тақырыбындағы пікір-талас сағаты, 6 сыныптарда «Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» атты виртуалды қолөнер, 7 сыныптар арасында «Табиғатпен үйлесімді өмір сүру» экологиялық викторинасы жүргізілді. Ал 8-11 сыныптар арасында «Чернобыль жаңғыры» ұранымен тәлімдік шаралар өткізілді.
Экологиялық білім беру апталығының мақсаты:
- адамның табиғатпен байланысы туралы негізгі түсінікті қалыптастыру;
- экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- өмірдің мәні мен экологиялық проблемаларды түсіну негізінде жеке қасиеттер ретінде моральдық және экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.