10
апрель
2023
"Жігіт сұлтаны-2023"
Мектебімізде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2023 жылдың 3-10 сәуір күндері аралығында өткен эстетика және музыка пәні бірлестігі апталығы аясында 6 сәуір күні "Жігіт сұлтаны-2023" байқауы өткізілді. Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Қатысушылар байқаудың 5 кезеңі бойынша бақтарын сынады: 1-Таныстыру, 2-Өз өнерін көрсету, 3-Гір тасын көтеру, 4-Қолөнер бұйымдары шеберлігі, 5-Танымдық сұрақтар. Осы тартысты бәсекеде "Бас жүлдені" 9а сынып оқушысы Жақсылық Әбілмансұр жеңіп алды, І орынға 9б сынып оқушысы Баймұхамбетов Санжар, ІІ орынға 8б сынып оқушысы Ауғанбай Жанболат және ІІІ орынға 8в сынып оқушысы Бектас Серікбек ие болды. Құттықтаймыз!
Толығырақ инстаграмның тікелей эфир жазбасынан тамашалай аласыздар! https://www.instagram.com/p/Cq12JGPolab/?hl=ru







Толығырақ инстаграмның тікелей эфир жазбасынан тамашалай аласыздар! https://www.instagram.com/p/Cq12JGPolab/?hl=ru







