Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир
2022 жылдың 14 мамыр күні Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әріптесіміз Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир өткізілді. Аталмыш додаға 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде І орынға №15 мектептің командасы, ІІ орынға №11 мектептің командасы және ІІІ орынға №19 мектеп пен №8 мектеп командалары ие болды. Барлық финалға шыққан командалар Кубокпен, грамоталармен және