Питание » Страница 9 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Республикалық "Ілияс оқулары" байқауында І орын!
01
май
2018
Республикалық "Ілияс оқулары" байқауында І орын!
Мектебіміздің 6а сынып оқушысы Данабай Әлібек Жансүгіров кентінде өткен ХІ Республикалық "Ілияс оқулары" байқауында І орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жадрашова Айкерім. Құттықтаймыз!
Жас өрт сөндірушілеріміз ІІ орынға ие болды!
01
май
2018
Жас өрт сөндірушілеріміз ІІ орынға ие болды!
Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде Талдықорған агро-техникалық колледжі стадионыңда Алматы облысы Төтенше жағдайлар Департаменті мен Өрттен құтқару спорты федерациясының ұйымдастыруымен қала мектептерінің жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында өрттен құтқару спортынан жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға №14 мектеп, ІІ орынға №18 және ІІІ орынға №16 мектеп командалары ие болды. Сондай-ақ 15-тен астам қатысушы номинация иегері атанды. Барлық жүлдегерлер бағалы сыйлық пен кубоктармен марапатталды.
VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы байқаудан жүлде!
24
апрель
2018
VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы байқаудан жүлде!
Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Мұратова Дамира қаламызда өткен VІІІ-ші облыстық Қ.Байсеитов атындағы жас орындаушылар байқауында "Вокал" жанры бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ие болды! Құттықтаймыз!!!
"Сарын"байқауынан жүлде!
24
апрель
2018
"Сарын"байқауынан жүлде!
Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған аймақтық "Сарын" өнер байқауында мектебіміздің 3 сынып оқушысы Құрмаш Инабат "Бас жүлдені" жеңіп алды! Сынып жетекшісі Оспанова Қамаш Ануарбекқызы. Құттықтаймыз!
"Атадан мұра" байқауынан жүлде!
24
апрель
2018
"Атадан мұра" байқауынан жүлде!
Мектебіміздің 5б сынып оқушысы Шлембаев Сұңқар Алматы қаласында өткен "Атадан мұра" атты Халықаралық өнер мен білім байқауында "Аспапта ойнау" жанры бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
ӨЗБЕКСТАННАН ЖҮЛДЕ!
23
апрель
2018
ӨЗБЕКСТАННАН ЖҮЛДЕ!
Бокстан Өзбекстанда өткен Халықаралық турнирде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындардан көрінді. 8б сынып оқушылары Абилхамитов Әлімжан ІІ орынға, Ыбраев Әділет ІІІ орынға және 7б сынып оқушысы Марат Али ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауынан жүлде!
21
апрель
2018
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауынан жүлде!
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауында мектебіміздің 4ә сынып оқушысы Нұрдәулет Ерасыл "Дипломант" атағына ие болды. Осы жеңімпазды баптауда зор еңбегі үшін бастауыш сынып мұғалімі Дүтбаева Ләззат Телібайқызы Талдықорған қаласы әкімі Б.Қарасевтың "Алғыс хатымен" марапатталды. Құттықтаймыз!
Қалалық "Жас Ұлан-2018" ойындарынан ІІІ орын
20
апрель
2018
Қалалық "Жас Ұлан-2018" ойындарынан ІІІ орын
Мектебіміздің жас сарбаздары "Жас Ұлан" əскери-патриоттық ойындарында жүлделі ІІІ орынға ие болды! Сондай-ақ 10 сынып оқушысы Өкен Əбілқайыр "Лучший командир" атанды, 9ə сынып оқушысы Қанибек Гүлнұр "кеудені көтеру" (отжимание) сайысында ІІІ орынға ие болды жəне командамыз "Ғылыми жоба байқауында" ІІІ орынға ие болды! Сонымен қатар марапаттау салтанатында жүргізуші міндетін атқарған 10 сынып оқушысы Қанапиянова Ақеркеге жəне атсалысқан 9 сынып аруларымыз Талғат Айман мен Сламхан Əнелге
Қалалық "Абай, Шəкəрім оқулары" байқауынан ІІ орын
20
апрель
2018
Қалалық "Абай, Шəкəрім оқулары" байқауынан ІІ орын
Қалалық "Абай, Шəкəрім оқуларының" "Өлең - сөздің патшасы сөз сарасы" бағыты бойынша мектебіміздің 6а сынып оқушысы Оралбекұлы Оралжан ІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі пəнінің мұғалімі Кулсум Епекова. Құттықтаймыз!!!
Мағжан оқуларынан ІІІ орын!
18
апрель
2018
Мағжан оқуларынан ІІІ орын!
Дәстүрге айналған «Мағжан оқулары» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай айтулы шара ұйымдастырды. Осы аталмыш байқауда мектебіміздің 10 сынып оқушысы жүлделі ІІІ орынға ие болды.