10
декабрь
2019
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары»
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» ұранымен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Кітапханада және мәжіліс залында «Елбасы – кеменгер көшбасшы!» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда «Менің Тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары, 5-8 сыныптарда «Елбасы – ұлт көшбасшысы» атты тәлім сағаттары, 9 сыныптар арасында «Елбасының дара жолы» - интеллектуалды ойыны, 10-11 сыныптарда «Елбасы және Заманауи Қазақстан» атты конференция өткізілді. Ал 6 сыныптардың жетекшілері мен оқушылары «Елбасы бастаған нұрлы жол» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. Өнерлі оқушыларымыз ән мен биден шашу шашты.