19
январь
2020
"Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан"
2020 жылдың 17 қаңтарында Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" тақырыбындағы мақаласымен ұжым мүшелерін мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов таныстырып, мақаланың әр бөліміне жекелей тоқталды. Бұдан кейін мектеп басшысы ұлы Абайды бүгінгі оқушыларды жан-жақты терең таныту үшін тек әдебиетші мұғалімдер мен тәрбие бағыты емес, бұл барлық педұжымның басты міндеті мен қасиетті борышы болуы керек екендігін нақты мысалдар келтіре отырып, тапсырмалар берді. "Ол үшін мақалада айтылған ойларды ашатындай іс-шаралар жоспары жасалынуы тиіс. Барлық сыныптарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тақырыптық тәрбие сағаттары, мектеп бойынша "Абай оқулары" байқауы, Абай өлеңдері бойынша қолөнер байқаулары, "Әнді сүйсен менше сүй" тәрізді тақырыпта ән байқауы, жалпы білім беретін мектептерде Абай шығармашылығын оқыту бойынша өз тәжірибелерінен мақалалар жазу сияқты істер тындырылуы керек" деді Шалқар Мелісұлы.
Ұжым мүшелері басшының ұсыныстарын бастамашылдық рухта қабылдап, бұл істе шығармашылдық пен белсенділік танытатындықтарын айтты.
Ұжым мүшелері басшының ұсыныстарын бастамашылдық рухта қабылдап, бұл істе шығармашылдық пен белсенділік танытатындықтарын айтты.