25
октябрь
2019
"Абай ізбасарлары - Жетісу жерінің жас ақындары"
Үстіміздегі жылдың 16 қазан күні мектебімізде "Ұлы Абайды ұлықтау - ұрпаққа керек ұлағат" апталығы аясында "Абай ізбасарлары - Жетісу жерінің жас ақындары" тақырыбында жас ақындармен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге ҚР Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалының жастар қанаты төрағасы, ақын Жангелді Немеребаев жəне Қозыбай Құрман, Мəулен Əнербай, Мұхтар Күмісбек сынды жас ақындарымыз келді. Кездесу барысында мектеп оқушылары ақын жырларын нақышына келтіріп орындап, қаламгер ағаларына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.