10
декабрь
2019
"Зайырлы мемлекетіміздің рухани тірегі - білімді ұрпақ"
Ағымдағы жылдың 9 қаңтар күні ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Зайырлы мемлекетіміздің рухани тірегі - білімді ұрпақ" атты тарих пәнінің апталығы бастау алды. Мақсаты: Школьникам өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттрін дамыту. Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу. Аталмыш шарада өнерлі оқушыларымыз Қазақ Хандығы туралы көрініс, ашаршылық жылдарынан көрініс, батырлар шайқасы көріністерін қойып, ән мен жырдан шашу шашты. Сондай-ақ желтоқсан көтерілісі жайлы бейнеролик көрсетіліп, 8 сынып оқушылары ортаға шығып Тәуелсіздік шежіресін баяндап берді. Шара соныңда мектеп директоры Шалқар Мелісұлы жиналған қауымды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.