25
октябрь
2019
«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылдың 25 қазан күні сағат 12:00-де республиканың барлық мектептерінде «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты тақырыбында бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылды. Осы орайда мектебімізде 1-11 сыныптарда жас ерекшеліктеріне қарай аталмыш тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты – отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымын арттыру