26
ноябрь
2018
Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық!
Елбасымыздың данышпандық саясатының тағы бір көрінісіндей, «Ұлы Даланың 7 қыры» мақаласын оқып шығып, қазақ болып туғаныма тағы бір мәрте қуандым. Қайран Жұбан аға Молдағалиевтің «Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,Айта бергім келеді, айта бергім,»- деген өлең жолдары осындайда ойға оралады.
Иә, «Біздің тарих бұл – дағы қалың тарих, Оқулығы жұп – жұқа бірақ – тағы,» - деп жырлағанда Қадыр аға не нәрсеге меңзеді екен?! «Ұлы Даланың 7 қырында» қазақ деген ұлы елдің бар тарихы жатыр! Елбасы: «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейік деп отырғанымыз жоқ, ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз,» - деп ескертеді. Әрине, осындай кең байтақ даланы мекен еткен ата – бабаларымыз арттарына осындай көл – көсір дүние қалдырғаны хақ, әбден анық. Елбасы ғылыми деректерге сүйеніп, жіктепберген бұл жазбаша жәдігерге тіл бітіру енді біздің еншімізде. Бұл жұмысты қалай бастау керек деген де:..,,бірнеше ірі жобалар арқылы бастауға болады,» - деп ой тастайды Елбасы.
7 қырымызды 7 – ге көбейтіп , 49 жоба жасайтын дүниеміз бар емес пе?
«Алмазды қырлаған сайын жалтырай береді. Сондықтан, тез арада еліміздің өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін ұлан – ғайып жұмыстар тізбегін бастап кету керек» деген ойға толығымен қосыламын. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болатыны талас тудырмаса керек. Мұндағы басты ұстанымның бірі Олжас Сүлейменовше айтатын болсақ: Тауларды аласартпай, Даланы асқақтатайық»
Қауметова Биғайша Серікболовна, директордың
ғылыми – әдістемелік орынбасары