Елбасы жолдады, ұстаздар қолдады » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
январь
2018

Елбасы жолдады, ұстаздар қолдады

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы
дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауы туралы өткен жалпы ұжымдық отырысының
ХАТТАМАСЫ

Өткізілген уақыты: 12.01.18 ж.
Қатысқан мұғалімдері : 96

Күн тәртібінде:
1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
Тыңдалды:
Баяндамашы мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов– жолдаудың өзекті білім саласына қатысты тізбектерін баяндап өтті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы жарияланды. Назарбаев биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғанын атап өтті. Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды сөз етті.
Елбасының мұғалімдерге баса көңіл аударуы, еңбегімізді шынайы бағалауы туралы айтылды.
Елбасының мұғалімдерге баса көңіл аударуы, еңбегімізді шынайы бағалауы туралы айтылды.
"2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мұғалімдердің мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақасын 30%-ға көбейтуді тапсырамын" - делінген Жолдауында.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.
Сонымен қатар Елбасы 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.
«Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 %-дан 50 %-ға дейін өседі.
"Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы аурудың алдын алу мен оны емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет.
Жолдауда қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруін атап көрсетті. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшіп жатырмыз. Бұл үдеріс Елбасының ықпалымен 2021 жылы мәресіне жетпек.

Сөз кезегінде орыс тілі пәнінің мұғалімі Дәуренбекова С.Ә. өз ойын ашық айтып елбасының халыққа жолдауын толық құптайтынын және елімізде болып жатқан осындай актуалды мәселелерді шешу барысында әркім өзіне тиесілі жұмыспен айналысуы керек және өз үлесін қосуы керек деді.

Жарыс сөз кезінде –мектепішілік НұрОтан ХДП төрайымы Р.Орынбекова, тарих пәнінің мұғалімі Г.Терлікбаева өз ойларын ортаға салып ел басының бұл жолдауы, елінің болашағын ойлаған кемеңгер азаматтың ісі деп оң бағасын берді және алдағы уақытта да еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ете береміз деп ұжым басшыларына сенім білдірді.
Президент жолдауын талқылау барысында бұл жолғы жолдаудың қаншалықты актуалды және нақты стратегиялық бағытта екеніне көз жеткіздік.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы жарияланды. Назарбаев биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғанын атап өтті. Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталдың сапасын арттыруды сөз етті.
Елбасының мұғалімдерге баса көңіл аударуы, еңбегімізді шынайы бағалауы туралы айтылды.
"2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мұғалімдердің мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақасын 30%-ға көбейтуді тапсырамын" - делінген Жолдауында.
Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.
Сонымен қатар Елбасы 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.
«Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 %-дан 50 %-ға дейін өседі.
"Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы аурудың алдын алу мен оны емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет.
Жолдауда қазақстандықтардың болашағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруін атап көрсетті. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшіп жатырмыз. Бұл үдеріс Елбасының ықпалымен 2021 жылы мәресіне жетпек.
Ғ.Р.Рыскелдина.
Қазіргі таңда оқушыларға берілетін тапсырманың ауырлығы көпшілікті алаңдататын жағдай. Елбасы бұл мәселені де Жолдауынан қалыс қалдырмағаны көңіл қуантады. «Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек», – деді ол. Сонымен бірге Қазақстан Президенті білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту қажеттігін атап өтті. Осы орайда еліміздің барлық өңіріндегі оқушыларды ғылымға тарту үшін тиісті жағдай жасау керектігіне тоқталды.
созылмалы дертті емдеуде қашықтықтан диагностика жасау жолдары қарастырылады. Онкологиялық аурумен күресте кешенді жоспар қабылданады. Электронды денсаулық паспорты енгізіліп, ауруханалар қағазсыз режимге біртіндеп көшеді. Сандық жүйе әлеуметтік саланы мейлінше оңтайландырады. Жолдауда көрсетілгендей, негізгі мамандықтардың нақты стандарттары бекітіледі. 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін электронды еңбек биржасы заңын қабылдау көзделген.
Елбасымыздың әр жылғы Жолдауы біз үшін үлкен жауапкершілік пен жетістікке жетудің алғышарты іспеттес. Сондықтан, біз мұғалімдер аталған тапсырмалардың толық деңгейде орындалуына белсенді түрде атсалысамыз. Біздің тарапымыздан жасалатын жұмыстар да ел келешегі үшін өз жемісін береді деген сенімдеміз.

Елбасы Жолдаудың жетінші міндетінде білім берудің жаңа сапасына тоқталды. Ол барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады.
Отырыс соңында директордың ғылыми әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Дәуренбекова С.Ә. қорытынды сөз сөйледі.

Сонымен, білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар
төмендегідей:
1. Школьникам берілетін тапсырма азаяды. Елбасы оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары, ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен 1/3 еседен көп екенін айтып, оны төмендетуді тапсырды.
2. Өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады.
3. 2018 жылдың 1 қаңтарынан мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 30%-ға көбейеді.
4. 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі.
5. Преподавателидің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30%-дан 50%-ға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет.
6. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізіледі.
7. 2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
8. 2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға (мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар) көшу аяқталады.
9. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленеді.
10. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізіледі.
11. Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестік артып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізіледі.
12. Орта мектеп пен колледждер және ЖОО үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекциялары Интернетте жарияланады. Елбасы бұл барлық қазақстандыққа, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады деп отыр.
13. Жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер саны көбейеді. Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін ЖОО ғылымын дамыту қолға алынады.
14. Қолданбалы ғылыми-зерттеулер біртіндеп ағылшын тіліне көшіріледі.
15. Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті болады.
16. Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың жүйелі саясаты жүргізіледі.
17. Білім беру саласы инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қаралады.
18. Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары жаңартылады.
19. ЖОО шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асырады.
20. ЖОО-ға білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігі заңнамалық тұрғыдан бекітіледі.
Сонымен бірге, университеттердегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту; білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту; терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату; оқытудың мазмұндылығына заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы толықтыру; цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру; «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру; оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, ЖОО-ға шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу; ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту Жолдауда айтылған.

Қаулы:
1. Қазақстан халқына Президенттік Жолдауы белсенді насихатталсын
2. Қазақстан халқына Президенттік Жалдауын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленсін.

Төреағасы Ш.М.Құдайбергенов
Хатшы А.Қ.Жадрашова