18
январь
2018
"Мектепішілік Хоккей федерациясы" құрылды
Балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту мен оқушылардың қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде "Мектепішілік Хоккей федерациясы" құрылды.Осыған байланысты, мектебімізде 18 қаңтар күні мектепішілік футбол федерациясының Президентін сайлау науқаны өтті. Барлығы мектепішілік хоккей федерациясына Президенттікке үміткер болып 6 оқушы қатысты. Олар, Уразахан Аманжол – 10а, Әбдіреш Ақтілек – 10ә, Садық Мағжан – 10а, Бейсембеков Азамат – 9б, Адаков Ақтілек – 8б, Жұмабай Нұрәділ – 8б. Сайлауға мектеп бойынша 8-11 сыныптардан барлығы 66 оқушы сайлаушы болып қатысты. Сайлау бюллетень қағазына белгіленіп, санақ жәшігіне салынды. Санақ комиссиясының мүшелері дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасшысы, 10а сынып оқушысы Диана Ерікбай, «Адал ұрпақ» ұйымының белсенділері, 9а сынып оқушысы Анел Сламхан мен 9б сынып оқушысы Азиза Дәрменова белгіленген болатын. Голосовать нәтижесі бойынша «Мектепішілік Хоккей Федерациясының» Президенті болып, 35% дауыспен 9б сынып оқушысы Бейсембеков Азамат сайланды. Ал 10а сынып оқушысы Уразахан Аманжол 29% дауыс жинап вице-президенті болып тағайындалды.