17
март
2019
"Ұлы даланың жас қырандары" атты жігіт сұлтаны
Қызыққа толы апталық!!! Мектебімізде 2019 жылдың 11-15 наурыз күндері аралығында эстетика және музыка пәні бірлестігі апталығы өткізілді. Соның ішінде 14 наурыз күні "Ұлы даланың жас қырандары" атты жігіт сұлтаны байқауы өткізілді. Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу. Қатысушылар байқаудың 5 кезеңі бойынша бақтарын сынады: 1-Таныстыру, 2-Өз өнерін көрсету, 3-Гір тасын көтеру, 4-Қолөнер бұйымдары шеберлігі, 5-Танымдық сұрақтар. Осы тартысты бәсекеде "Бас жүлдені" 9а сынып оқушысы Сайлаубай Әмір жеңіп алды, І орынға 8б сынып оқушысы Марат Али, ІІ орынға 9б сынып оқушысы Жұмабаев Нұрәділ және ІІІ орынға 8ә сынып оқушысы Бекбатыров Еламан ие болды. Құттықтаймыз! Біздің жігіттер "Талдықорғанның жігіттері тарлан екен" деген атқа үнемі ие болады деген сенімдеміз.