Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
10
январь
2021

Азамат Қайратұлы Жылтыркөзов

Жылтыркөзов Азамат Қайратұлы - опера әншісі (баритон), Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері.
Азамат Қайратұлы 1986 жылы 29 маусымда Талдықорған қаласында туған. Қазақ. Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі түлегі.

Анасы - Жылтыркөзова Әсия Мұхаметбайқызы, «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі РӨБ» РМҚК кадрлар бөлімінің бастығы.

Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген (2009), опера әншісі, концерттік орындаушы. Қазіргі уақытта профессор Е.Е. Нестеренкода машықтанудан өтуде (Австрия).

2006 жылдан - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының солисі.

2007 жылдан бері - К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының солисі.

Орындайтын опералық рөлдері (партиялары): Онегин (П.И. Чайковский, «Евгений Онегин»), Роберто (П.И. Чайковский, «Иоланта»), Жермон (Дж. Верди, «Травиата»), Алеко (С.В. Рахманинов, «Алеко»).

Алда орындайтын рөлдері: Фигаро (Д. Россини, «Севилья шаштаразы»), Сильвио (Р. Леонкавалло, «Паяцы»), Родриго (Дж. Верди, «Дон Карло»).

Ресей, Белоруссия, Қытай, Жапония, Польша, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Швейцария, Австрия, АҚШ, Моңғолияда концерттермен гастрольдер өткізген.

«Шабыт» IX халықаралық конкурсындағы 1-ші сыйлықтың (Астана, 2006), «Жас дарындар» XXIII халықаралық конкурсындағы 1-ші сыйлықтың (Сан-Бартоломео, 2008), Н. Сәбитов атындағы VII халықаралық орындаушылар конкурсындағы 2-ші сыйлықтың (Уфа, 2008), Мирьям Хелин атындағы VI халықаралық вокалшылар конкурсындағы 4-ші сыйлықтың (Хельсинки, 2009), П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын орындағаны үшін «Голоса под Плесом» Ф. Шаляпин I халықаралық конкурсындағы дипломның (Плес, 2010), Бибігүл Төлегенованың IV Халықаралық вокалшылар конкурсындағы бас жүлденің және Мариямгүл Төлегенованың арнайы сыйлығының (Алматы, 2010) лауреаты. ТМД қатысушы мемлекеттердің IV Халықаралық дельфиялық ойындарының алтын медалінің (Астана, 2006), С. Монюшко атындағы VI Халықаралық вокалшылар конкурсындағы Польша музыка академиясының арнайы сыйлығының (Варшава, 2007), П.Г. Лисициан атындағы I Халықаралық баритондар конкурсындағы диплом мен «Бастау» сыйлығының (Мәскеу, 2008), Н. Тілендиев атындағы I Халықаралық конкурстағы бас жүлденің және Астана қаласы әкімінің арнайы жүлдесінің (Астана, 2008) иегері.

Діни көзқарасы - мұсылман.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев, Қ.К. Тоқаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, экономикалық еркін, мәдени деңгейі жоғары мемлекет».

Хоббиі - нумизматика, түрлі елдердің кәдесыйларын жинау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - романтикалық әдебиет.