Мероприятие » Страница 46 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі", "Бақыттың кілті неде?"
01
март
2024
"Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі", "Бақыттың кілті неде?"
"Даналық мектебі" жобасы аясында мектеп әкімшілігі мен "Әдеп және құқық" менторы Б.Қуанышбаевтың ұйымдастыруымен 28.02.2024 күні жалпы мектепішілік ата-налар жиналысы өткізілді. Аталмыш шараға арнайы шақырылған қонағымыз, Жетісу облысы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің дінтанушы теолог-маманы, психолог Мүтебаев Қанат Маратұлы қатысып, "Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі", "Бақыттың кілті неде?" тақырыптарында ТЕД-Х форматта ашық алаң өткізді. Шара барысында
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі
29
февраль
2024
Бракераж комиссиясының кезекті тексерісі
2024 жылдың 28 ақпан күні бракераж комиссиясының кезекті тексерісі болды. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы мен мөлшері, тоңазытқыштың тазалығы, шикі өнімдерді сақтайтын қойманы және тағамға ас пісіруге қажетті тағамдардың жарамдылық мерзімін, ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі, дайын тамақтың каллориясы, асхананың тазалығы қаралды. 2 апталық мәзір, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тамақ мөлшері,
"Атомдық қару" тобы жүлделі ІІІ орын!
28
февраль
2024
"Атомдық қару" тобы жүлделі ІІІ орын!
Мектебіміздің дебатшылары "Пікірсайыс" бағдарламасы бойынша өткен қалалық пікірсайыс турнирінде нәтижелі ойын көрсетті! Қазақ лигасы бойынша "Атомдық қару" тобы жүлделі ІІІ орынға ие болса, ағылшын лигасы бойынша "Алаш" тобы Алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі Н.Ахметханов. Құттықтаймыз!
Нұршат екінші мәрте Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!
28
февраль
2024
Нұршат екінші мәрте Қазақстан Республикасының чемпионы атанды!
11ә сынып оқушысы Кемелханқызы Нұршат дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында І орынға ие болды. Түркістан 2024 ж. Құттықтаймыз!  
"Өзіңді жұқпалы тері ауруларынан қорға!", "Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу"
27
февраль
2024
"Өзіңді жұқпалы тері ауруларынан қорға!", "Жұқпалы және жұқпалы емес
"Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" жобасы аясында 21.02.2024 күні мектеп медбикесі Аққуан Қайыпбайқызы жоғары сынып оқушыларымен "Өзіңді жұқпалы тері ауруларынан қорға!", "Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу" тақырыптарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Қазіргі жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға көзқарастарын ашу және соған ықпал ету. Шара барысында жұқпалы инфекциялардың түрлері, оларды жұқтырудың салдары, қорғану жолдары тереңнен
"Әлем бала көзімен"
27
февраль
2024
"Әлем бала көзімен"
"Білім кілті - бастауышта!" апталығы аясында "Әлем бала көзімен" атты бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
«Әкелер мектебі» жобасы: «Біз спорттық үштікпіз!»
26
февраль
2024
«Әкелер мектебі» жобасы: «Біз спорттық үштікпіз!»
«Әкелер мектебі» жобасы жоспарына сай 24.02.2024 күні "Біз спорттық үштікпіз!" атты әкелер, мұғалімдер және оқушылар арасында спорттық фестиваль өткізілді. Тартысқа толы сайыс – волейболдан, дойбыдан және «Көңілді эстафетадан» өткізілді. Спорттық жарыстарға 6 сыныптың әкелері мен балалары, 9 сынып ұлдары және ер мұғалімдер қатысып, өзара мықтысын анықтады. Волейбол жарысы бойынша І орынға ер мұғалімдерден құралған «Тарландар» командасы, ІІ орынға «Әкелер мектебі» командасы және ІІІ орынға
"Бұлақ көрсең көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз"
24
февраль
2024
"Бұлақ көрсең көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз"
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы" жоспары негізінде 22.02.24 күні ДТЖ орынбасары Б.Тайыржанқызының жетекшілігімен "Бұлақ көрсең көзін аш. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз" тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына кезекті тренинг-дәріс өткізілді. Дәріс жүргізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұршекова Айнұр Манапқызы.
«Үйрен жақсы әдептен»
24
февраль
2024
«Үйрен жақсы әдептен»
Біртұтас тәрбие жоспарына сай осы аптада «Үйрен жақсы әдептен» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Балалардың әдепті,сыпайылық туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды кішіпейілдікке, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Балалардың ойлауын,қиялын,сөздік қорларын дамыту.  
"Ұлттық мектеп лигасы" - БАСКЕТБОЛДАН ІІІ орын!
23
февраль
2024
"Ұлттық мектеп лигасы" - БАСКЕТБОЛДАН ІІІ орын!
Мектебіміздің ұлдар командасы Талдықорған қаласы орта мектептерінің "Ұлттық мектеп лигасы" аясында БАСКЕТБОЛДАН өткен жарыста 5-6 сыныптар бойынша ІІІ орынға ие болды. Бапкері Сұлтан Балқыбеков. Құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете берейік!